![]() |
![]() |
4 наурыз күні Павлодар қаласында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Ұлы даланың ерке қызы» атты облыстық байқау өтті.
Байқау барысында арулар алғашқы әскери дайындық, үстелді әрлеу бойынша бақ сынады. Әсіресе, үстелді әрлеу кезеңі ерекше әсер қалдырды . Алғашқы әскери дайындық кезеңінде арулар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Олар саптық дайындық арқылы өздерінің физикалық дайындығын паш етті.
Жеңімпаздар атанған:
Бас жүлде – Ақтоғай ауданы, Абай жалпы орта мектебі
1 орын – Май ауданы «Малайсары ЖОББМ» және Аққулы ауданы Шарбақты ЖОББМ
2 орын – Тереңкөл ауданы Береговая ЖОББМ, Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ, Облыстық дарынды балаларға арналған лицей-интернат
3 орын – Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты, №2 Ертіс ЖОББМ, Ақсу қаласы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ
Қазылар алқасы:
Резуанова Күнекей Кабиевна – «Ғибрат» мектебінің төрайымы,
Ербол Шомитович Тусупбеков – Торайғыров атындағы университеттің әскери кафедрасының оқытушысы,запастағы подполковник.
Эксанова Гульсум Баймагамбетова- "Павлодар сервис және тамақтану колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-нің арнайы маман оқытушысы -
Байқау жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін осындай шаралар жалғасын таба берсін!