![]() |
![]() |
2025 жылдың 20-28 ақпаны аралығында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 5-6 жасар балалар арасында «Балапан» облыстық қашықтықтан интеллектуалдық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектепке дейінгі балалардың білім деңгейін анықтау, олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру және оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зияткерлік сайысқа Павлодар облысынан 800-ден астам бала қатысты.
Жас өрендер жоғары дайындық деңгейін, тапқырлық пен жаңа білімге деген ұмтылыстарын көрсетті.
Олимпиада нәтижелері:
1-орын – 322 қатысушы
2-орын – 141 қатысушы
3-орын – 57 қатысушы
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Бұл олимпиада олардың білім мен даму жолындағы алғашқы қадамы болсын!