Оқушылар сарайында «Педагогикалық идеялар» облыстық конкурсы өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Во Дворце школьников прошел областной конкурс «Педагогические идеи» Во Дворце школьников прошел областной конкурс «Педагогические идеи»
Во Дворце школьников прошел областной конкурс «Педагогические идеи» Во Дворце школьников прошел областной конкурс «Педагогические идеи»

28 наурыз күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар» облыстық конкурсы өз мәресіне жетті.

Аталмыш конкурсқа Павлодар облысының жалпы орта және қосымша білім беру педагогтері қатысты.
Конкурс – педагогтерге өздерінің әдістемелік ізденістері мен жаңашыл жобаларын ортаға салып, әріптестерімен бөлісуге таптырмас мүмкіндік болды. Бұл жоба тек қана үздіктерді анықтап қана қоймай, сондай-ақ озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау арқылы өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Педагогтер байқауға қашықтықтан және күндізгі форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар білім беру мен тәрбиенің әртүрлі бағыттарында өз идеяларын ұсынды.
Конкурс бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды:
•    Білім беру жұмысы – оқу бағдарламалары, инновациялық әдістер, сабақтар сериясы;
•    Тәрбие жұмысы – оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған жобалар мен бағдарламалар;
•    Азаматтық-патриоттық тәрбие – ел тарихын насихаттау, еріктілер қозғалысы, ардагерлермен жұмыс тәжірибелері;
•    Мұражайтану – өлкетану жұмыстары, мұражайлық зерттеулер мен жобалар;
•    Әдістемелік жұмыс – ашық сабақтар, әдістемелік ұсынымдар, педагог портфолиосы;
•    Педагогтің ғылыми және әдеби-эстетикалық шығармашылығы – ғылыми зерттеулер, өлеңдер, эсселер;
•    Әлеуметтік маңызы бар жобалар – волонтерлік бастамалар, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс;
•    Педагогикалық жобалар – оқушылармен, ата-аналармен және қала мекемелерімен бірлескен шаралар;
•    Шығармашылық және ғылыми-техникалық бағыттар – көркемдік және техникалық жұмыстардың тұсаукесері;
•    Ұлттық мұраны танымал ету – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделген жобалар мен зерттеулер.
Конкурсқа жас ерекшелігіне қарамастан, барлық педагогтер өздерінің «педагогикалық жинақ сандықшасындағы» әдістемелік әзірлемелерін ұсынуға мүмкіндік алды. Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілген байқау қатысушыларға әріптестерімен тәжірибе алмасуға, білім беру саласындағы жаңа үрдістермен танысуға жағдай жасады.
Қазылар алқасы үшінші тарап білім беру ұйымдарынан тартылған білікті мамандардан жасақталды. Олар қатысушылардың жұмыстарын сараптап, үздік идеялар мен әдістемелерді анықтады.
-    «Педагогикалық идеялар» облыстық конкурсы – бұл ұстаздар қауымы үшін жаңа белес, шығармашылық дамуға бастайтын кеңістік. Байқау нәтижесінде үздік жобалар мен әдістемелік тәжірибелер анықталып, өңірдің білім беру жүйесіне жаңа серпін бермек. Ұстаздар еңбегі бағаланған жерде, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жаңа идеялар әрқашан орын табады - деп атап өтті Оқушылар сарайының әдіскері Айнура Альханова.

Жеңімпаздардың дипломдарын жүктеу