Жоғарғы сынып оқушылары сөйлейді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Трибуна старшеклассников Трибуна старшеклассников

27 наурыз күні Оқушылар сарайының кіші залында «Жоғарғы сынып оқушыларының мінбері» атты іс-шара өткізілді. Оның негізгі мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілікті және құрметті өсіру, жастардағы патриоттық сезімді дамыту.

Іс-шараға қаламыздың №: 6, 34, 13, 14,15, 26, 17,2, 41, 21, 36, 40, 38 мектептері мен «Ровесник» клубынан барлығы 50 бала қатысты.

Трибуна старшеклассников Трибуна старшеклассников

Өткізілген шара барысында балалар Отан неден басталады? Өз Отаныңызбен мақтанасыз ба? Ұлтшылдық деген не? Патриоттық парызды әскери қызметпен байланыстырасыз ба? Қазіргі Қазақстанның патриоты деген кім? және т.б. сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерімен бөлісті.

Соңында балалар «Жас Ұлан» ББЖҰ әнұраны «Достық әнін» орындады.