![]() |
![]() |
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі сәтті аяқталды. Оған 55 оқушы қатысты.
Форумның мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауы үшін кәсіптерді зерттеуге деген шығармашылық көзқарасын дамыту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды үйренуге ынталандыру, сондай-ақ оқушылар мен педагогтарды кәсіби бағдар беру бойынша қоғамдық маңызы бар бірлескен қызметке тарту.
Форум жеңімпаздары:
1. «Мен мамандық таңдаймын...» (таңдаған мамандық бойынша презентациялар байқауы)
Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер арасында:
1 орын – Марат Асыл (дарынды балаларға арналған №3 гимназия)
2 орын – Өмірбек Саягүл (Ақтоғай ауданы, Ақтоғай өнер мектебі)
3 орын – Хасымбекқызы Аягөз (Баянауыл ауданы, М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі)
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер арасында:
1 орын – Макаленова Айжан (Баянауыл ауданы, М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі)
2 орын – Мукушев Максат (Ертіс ауданы, Ұзынсу жалпы орта мектебі)
3 орын – Фурман Валерия (Аққулы ауданы, Потанин жалпы орта мектебі)
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін мектептер арасында:
1 орын – Камзатова Хадиджа (Екібастұз қаласы, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі)
2 орын – Серікжан Әйгерім (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
3 орын – Сәлікова Айгерім (дарынды балаларға арналған №3 гимназия)
2. «Менің мамандығым – менің бизнесім» (бизнес-жобалар байқауы)
Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер арасында:
1 орын – Калелова Аружан (дарынды балаларға арналған №3 гимназия)
2 орын – Калимшарив Амина («Жас Дарын»)
3 орын – Жұмабекова Аяна (Ақсу қаласы, Абай атындағы жалпы орта мектеп)
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер арасында:
1 орын – Құсбекова Дана (дарынды балаларға арналған №3 гимназия)
2 орын – Болат Мансұр (Ертіс ауданы, Ұзынсу жалпы орта мектебі)
3 орын – Сембек Айғаным (Баянауыл ауданы, З. Ақышев атындағы жалпы орта мектебі)
3. «Жас мобилограф» (видеороликтер мен бейнесюжеттер байқауы, қашықтықтан қатысу форматы)
Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер арасында:
1 орын – Маратова Айша (Павлодар қаласы, М. Жүсіп атындағы жалпы орта мектеп)
2 орын – Ермұратова Әлфінұр (Ақтоғай ауданы, Тіленшин атындағы орта мектеп)
3 орын – Байғұл Сымбат (дарынды балаларға арналған №3 гимназия)
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер арасында:
1 орын – Кенин Мансур («Жас Дарын»)
2 орын – Әлібай Айлана (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
3 орын – Сыздыкова Диляра (Тереңкөл ауданы, Алтай ауылының жалпы орта мектебі)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Форумға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта зор табыстар тілейміз!