"Еріктілер күші – бірлікте" атты офлайн-идеялар байқауы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Оффлайн-конкурс идей "Сила волонтеров в единстве" Оффлайн-конкурс идей "Сила волонтеров в единстве"
Оффлайн-конкурс идей "Сила волонтеров в единстве" Оффлайн-конкурс идей "Сила волонтеров в единстве"

2025 жылдың 11 сәуір күні  Оқушылар сарайында "Еріктілер күші – бірлікте" атты офлайн-идеялар байқауы өтті!
Бұл шара әлемді жақсартуға ұмтылатын белсенді, қамқор және креативті жастарды біріктірді!

2025.04.14 03 2025.04.14 04 

2025.04.14 06 2025.04.14 05

Байқау 4 негізгі бағытты қамтыды:
Әлеуметтік қолдау – көпбалалы, аз қамтылған және қарт адамдарға көмек көрсету.
Экология және абаттандыру – табиғатты қорғау, көгалдандыру, қаланың тазалығына қамқорлық.
Білім және мәдениет – балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Инклюзия және қолжетімділік – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар.
Байқау қазылар алқасы:
Журавлева Анастасия Валерьевна – «Жүрегіміздегі мейірім» еріктілер тобының жетекшісі (№11 мектеп, Павлодар қ.)
Краскова Арина Яковлевна – «Жасыл Ел» Павлодар қалалық штабының командирі
Бағыттар бойынша жеңімпаздар:
Әлеуметтік қолдау:
1 орын – Павлодар қ. №7 мектеп
2 орын – М. Әуезов ат. ЖОББМ
3 орын – Павлодар қ. №40 мектеп
Экология және абаттандыру:
1 орын – «Жаңа қала негізгі жалпы білім беру мектебі»
2 орын – Ш. Шокин ат. №2 мектеп
3 орын – Қ. Бекқожин ат. мектеп
Білім және мәдениет:
1 орын – Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ
Байқау жас көшбасшылардың шабытты идеяларымен бөлісіп, оларды болашақта нақты әлеуметтік жобаларға айналдыруға мүмкіндік берді!
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен әлемді мейірімді етуге деген ұмтылыстары үшін алғысымызды білдіреміз!