![]() |
![]() |
7 қазан 2025 жылы М.М.Қатаев атындағы оқушылар сарайында «Аққу» жобасы аясында «Мен және менің құқығым» атты танымдық тренинг интерактивті элементтермен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Тренингке Павлодар қаласының №5, №6, М.Жүсіп, Торайғыров және Ташенов атындағы мектептерінің 30-ға жуық оқушысы қатысты.
Қонақ ретінде «Ориентир» үйірмесінің жетекшісі, әдіскер Фрик Аксана Ивановна шақырылды. Ол қатысушылармен пікірталас, жағдайлық тапсырмалар және ойын элементтерін қамтыған қызықты жұмыс жүргізді.
Оқушылар топтық жұмыстар мен құқықтық тапсырмалар арқылы өз пікірлерін білдіріп, бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі баптарымен танысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті.