|
|
|
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қатігездіксіз әлем» атты облыстық эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.
Байқау «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, оқушылар арасында құрмет мәдениетін, ізгілік пен қауіпсіз қарым-қатынас құндылықтарын қалыптастыруды мақсат етті.
Облыстың жалпы білім беру мектептерінен 54 оқушы қатысып, мейірімділік, жауапкершілік, бейбіт қарым-қатынас және жеке шекара тақырыптарында өз шығармаларын ұсынды.
Жұмыстар жюри тарапынан бағаланып, басты назар тақырыптың ашылуына, мәтіннің сауаттылығына, ойдың жүйелілігіне және авторлық ерекшелікке аударылды.