Оқушылар сарайында ерлікке тағзым

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Урок мужества во Дворце школьников Урок мужества во Дворце школьников
Урок мужества во Дворце школьников Урок мужества во Дворце школьников

12 желтоқсан күні Оқушылар сарайында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өтті.

Урок мужества во Дворце школьников Урок мужества во Дворце школьников 

Шараға Р. Нұртазина атындағы мектептің, №16 және №36 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары мен педагогтері қатысты.
Ерлік сабағы барысында оқушылар батырдың өмір жолы мен жауынгерлік ерлігіне терең үңіліп, майдан экспозициялары, үшбұрыш хаттар және тарихи жәдігерлермен танысты. 
Картамен жұмыс арқылы Бауыржан Момышұлы қатысқан әскери операциялардың негізгі кезеңдері зерделенді.
Іс-шараның құрметті қонақтары — Павлодар облысы Қорғаныс департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жан Қайркенұлы Қаратаев және геолог, География үйінің мүшесі Надежда Васильевна Ларина болды.
Кездесу жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, тарихи сана мен елге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған тағылымды сабаққа айналды.