|
|
|
12 ақпанда 2026 жылы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында жүрек жылытатын поэзиялық-әдеби кеш өтті.
Жас оқырмандар Мұқағали Мақатаевтың өмірімен танысып, оның тамаша өлеңдерін мәнерлеп оқып, терең мағынасын талқылады.
Кешке қонақ ретінде Облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Хонж Алпыспай Әбділұлы қатысып, кітап оқудың маңызы, оқырман мәдениетін дамыту жайлы ой бөлісті және оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Бұл шараның басты мақсаты – жастардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен поэзия әлеміне сапар шегуге шабыт беру.