«МОБИЛЬДІ ӘДІСКЕР»: ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 04.11.2026 15:56

 

«МОБИЛЬНЫЙ МЕТОДИСТ»: В ПАВЛОДАРСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР «МОБИЛЬНЫЙ МЕТОДИСТ»: В ПАВЛОДАРСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР
«МОБИЛЬНЫЙ МЕТОДИСТ»: В ПАВЛОДАРСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР «МОБИЛЬНЫЙ МЕТОДИСТ»: В ПАВЛОДАРСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР

30 қазанда облыстық М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері Павлодар ауданының Черноярка орта мектебінде көшпелі семинар-практикум өткізді.

Семинар тақырыбы – «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысының жүйесі».
Іс-шараға тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, сынып жетекшілері, психологтер және мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері қатысты.
Оқушылар сарайының әдіскерлері қатысушыларды «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» («Экоқадам» жобасы), «Еңбек адамы» бағыттары бойынша облыстық жобалармен, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Тәрбие ошағы» жобасымен таныстырды. Жобаларды жүзеге асырудың кезең-кезеңімен орындалатын алгоритмдері мен педагогтерге арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Сонымен қатар волонтерлікті, ізгі істер мәдениетін және балалар мен жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған «Ұрпақ жарығы: Ізгі істер уақыты» ауқымды мегажобасына ерекше назар аударылды.
Психологтер мен мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлеріне арналған секциялар аясында психологиялық қызмет пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жұмысын ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдер қарастырылды.
Семинарға қатысушылар облыстық жобаларды жүзеге асыруға арналған дайын практикалық кейстермен, әдістемелік ұсынымдармен және нақты жұмыс алгоритмдерімен танысты.