Ардагерлермен кездесу

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

2014.04.16 05 Ардагерлермен кездесу

«Көктемнің қайырымдылық апталығы – 2014» акциясы аясында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының кіші залында ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагері – Гарусов Николай Афанасьевич пен Еңбек ардагері Кенжекөл ЖОМ құрметті ұстазы Кускеева Роза Казимировна шақырылды.

2014.04.16 06 Ардагерлермен кездесу

Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы Омарова А.З. мен №13 мектептің аға тәлімгері Сабирова С.А. ұйымдастырды.

Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақ тілектерін айтты. Ал Оқушылар сарайының «Жас дәурен», «Арман-шоу» студияларының шәкірттері соғыс тақырыбындағы әндер орындаса, «Анастасия» үлгілі би клубының жеткіншектері мұң бұрала вальс биледі. №13 мектептен келген хор ұжымы да тамаша әнмен көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Бұдан басқа №41, 39 мектептердің оқушылары өнер көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, сахнаға шыққан әрбір бала өз өнерлері арқылы бейбіт өмір мен ашық аспан үшін құрметті ардагерлерге алғыстарын білдірді.