2014 жылдың 17 сәуірі күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының педагогтері Ленин кентінің №33 мектебіне әдістемелік шығу жасады. Оған №31,32 мектептің оқушылары да қатысты. Барлығы – 70 бала болды. Әдістемелік шығуды көркем тәрбие беру бөлімінің әдіскері Луб Екатерина Петровна ұйымдастырды. Іс-шара барысында 5 шығармашылық алаң жұмыс істеді. Олар төмендегідей:
| Жетекшінің аты-жөні | Секцияның аты | |
| Кибатова Самал Бакубаевна – әдіскер | «Қызықты журналистика» | Балалар журналистикасы |
| Каркавина Елена Александровна - «Сымбат» сурет студиясының жетекшісі | «Подводные фантазии» | Түрлі-түсті тушпен жұмыс, сия техникасы |
| Павленко Екатерина Владимировна – «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшісі | «Основы современного танца» | Хореографиялық өнер |
|
Возиянов Евгений Владимирович – «Общетехническое моделирование» үйірмесінің жетекшісі |
«Что такое моделизм?» | Техникалық бағыт |
| Алпысбай Мадина Бақытқызы - әдіскер | «Бүгінгі Жас Ұландық – ертеңгі көшбасшы» | Көшбасшылық бағыт |