Шығармашылықтар көкжиегіне бәріміз бірге (Аға тәлімгерлік шеберлігінің мектебі)

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Шығармашылықтар көкжиегіне бәріміз бірге Шығармашылықтар көкжиегіне бәріміз бірге

2014 жылдың 11 қыркүйегінде аға тәлімгерлік шеберлігінің қалалық мектебі өзінің жұмысын бастады. «Ұжымдық шығармашылық іс» тақырыбында Павлодар қаласы мектептерінің аға тәлімгерлеріне арналған алғашқы семинар болып өтті. Оған 21 аға тәлімгер қатысты.

 

Семинар барысында қатысушылар педагог-ұйымдастырушы Сүлейменова Самал Сагатовна өткізген ойын жаттығуы арқылы бір-бірімен танысты. Барлық аға тәлімгерлерге семинар бойынша жол сілтеуші - «Аға тәлімгер» кітабы таратылды.

Шығармашылықтар көкжиегіне бәріміз бірге Шығармашылықтар көкжиегіне бәріміз бірге

Семинардың бірінші теориялық бөлімінде 2014-2015 оқу жылына арналған аға тәлімгердің жұмысын жобалау, іс жүргізуге қатысты сұрақтар, аға тәлімгердің міндеттері, құжаттары, метептік балалар мен жасөспірімдер ұйымдарындағы ұжымдық шығармашылық істер жөнінде ақпарат берілді. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы негізінде құрылған балалар қозғалысын дамыту бөлімі (Петрович О.В., Сулейменова С.С., Сейталиев Б.Б.), «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі 17 жобасы таныстырылды.

«Жаңа бастамалар» практикумы шеңберінде «Еріктілер іс-әрекеті аясының кеңеюі» мен «Оқушылардың сабақтан тыс уақытында патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі балалар ұйымдары» атты екі шығармашылық топ жұмыс жасады.

Семинар соңынан алынған рефлексия іс-шараның «өте жақсы» деген бағаға өткенін көрсетті.