8 қазан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтері Павлодар қаласының №4 ЖОББМ оқушыларымен кездесті. Қызықты өткен кездесу барысында шебер-сыныптар ұйымдастырылды. Олар балалар журналистикасы, еріктілер қозғалысы, патриоттық, авиамодельдеу, шаш үлгісін жасау, әдеби бағытта жүргізілді.
Аз ғана уақыттың ішінде балалар тек қана Оқушылар сарайы туралы мәлімет алып қоймай, өз қолдарымен біраз нәрсе жасап, нәтиже алды.