Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі» Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі»

17 және 18 қараша аралығында Толеранттылық күніне арнап «Ровесник» қоғамдық клубы бірнеше іс-шара өткізді.

17 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде өткізілген «Адамгершілік мектебі» барысында балалар еріктілік іс-әрекетке бағыттайтын әңгіменің қатысушылары болды.

Олар «Құмыра» презентациясын тамашалап, мейірім мен зұлымдық туралы аңызды тыңдады, өз ойларымен бөлісті. Барлығы 24 бала қамтылды.

 

Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі» Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі»

18 қараша күні «Дос балалар» ойын бағдарламасымен №28 және №41 метептерге шығу болды. «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері Касымова Фариза, Альжанова Ботагөз, Каниева Айзада мектеп жасына дейінгі және кіші жастағы оқушылар үшін танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар ән айтты, өлең оқыды, би биледі. Бұл іс-шараға 79 бала қатысты.