Волонтерлер отрядтарының слеті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 26.03.2015 14:26

Волонтерлер отрядтарының слеті Волонтерлер отрядтарының слеті

26 наурызда М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Сердцем единым в добром порыве!» атты волонтерлер отрядтарының слеті өтті. Слетке қала және облыс мектептерінен  80-нен астам адам қатысты.  Бұл іс-шараға қатысқан балалар  ұран мен эмблемаларды дайындап, «Үміт сәулесі» кешендік жобаға қатысу туралы қысқаша ақпар берді.  

Волонтерлер отрядтарының слеті Волонтерлер отрядтарының слеті

Ең үздік  көшбасшылар «Спикер-ринг» атты шешендік өнер жарысына түсіп жиналған қауымның сауалдарына жауап берді. Дауыс беру арқылы ең үздік шешендер анықталып, тиісті сертификаттармен марапатталды. Осы слетте балалар кешендік жобаны аяқтауын  өткізу  туралы шешім қабылдады. Жобаның аяқталуы 2015 жылғы 30-шы сәуірге белгіленді.