Тәуелсіздік нышандары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

2015.06.04 01 Символы независимости

Мамыр айының 21-28 күндер аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тәуелсіздік нышандары» атты облыстық конкурсы өтті. Ұйымдастырушылар - Павлодар облысы білім басқармасы және М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы  осы облыстық конкурсты балалар мен жасөспірімдердің бойында еліміздің тарихын және мемлекеттік  рәміздеріне деген қызығушылығын тудыру мақсатында ойластырған.  

Конкурстың басты мақсаты - жас ұрпақтың Қазақстанның тарихи құндылықтары негізінде патриоттық сезімдерін қалыптастыру,  азаматтық сана - сезімін ояту. Конкурсқа барлығы  64 жұмыс қабылданды, оның ішінде қазақ тілінде 39 жұмыс, орыс тілінде 25.  Шығармашылық жұмыстардың көбі  әсерлігімен және жоғарғы сапасымен  қуантты: идея мазмұнының тұтастығы және сюжеттік бірізділіктің бірыңғайлығы, ерекше безендірілген, ойы терең және мағыналы.

Конкурсқа  мемлекеттік тілде қатысқан оқушылардың қортындысы:
10-14 жас ерекшелік категориясы «Эссе» номинациясы бойынша I орынды Әндар Еркежан, Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы иеленді, II  орын  - Балешева  Анель, М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Өркен» үйірмесінің тәрбиеленушісі,  III орын – Базар Нұржан, Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 4 сынып оқушысы,  Жомарт Ақтоты, Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы, III орынды -  Мұхаметжанова Аружан, Павлодар қ, №22 ЖОМ-нің 3 сынып оқушысы   иеленді.

15-18 жас ерекшелік категориясы «Эссе» номинациясы бойынша  I орынды  - Канжигалинова Мадина,  №10 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы  және Құлмағамбетова Гүлназ,  М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Қаламгер» баспа-орталығының тәрбиеленушісі иеленді,   II орын - Бари Алия, Екібастұз қаласы №33 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы, III орын - Қадыр Гүлнұр, Павлодар қ, Қ.Бекхожин атындағы №12 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы, III орын - Әмірова Алуа, Павлодар қ, №39 ЖОМГ-нің 9 сынып оқушысы, III орын - Байкаримова Айымжан, Ертіс ауданы, Ертіс аграрлы-техникалық колледжінің оқушысы.

10-14 жас ерекшелік категориясы «Поэзия» номинациясы бойынша I орынға Абубакирова Амина, «Жас дарын» мамандырылған жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы ие болды,   II орынды  Саматова Айзада, Ақтоғай ауданы Жамбыл негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы,  III орын Айгазинова Гаухар, Павлодар ауданы, Ефремов ЖОМ-нің 4 сынып  оқушысы және Бейсембаева Ельнура, Қашыр ауданы Байқоныс ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы иеленді.

15 -18 жас ерекшелік категориясы «Поэзия» номинациясы бойынша бойынша I  орынды - Афандиева Феруза  Павлодар қ, №39 ЖОМГ-нің 9 сынып оқушысы иеленді,  II орынға - Қасым Жанбота, Б.Ахметов атындағы Павлодар Педагогикалық колледжінің оқушысы ие  болды.

Конкурсқа орыс тілінде қатысқан қатысушылардың қортындысы:
10-14 жас ерекшелік категориясы  «Эссе» номинациясы бойынша I орын -  Сахиева Дариға, Павлодар қаласы, №30 ЖОМ –нің 7  сынып оқушысы.  

15-18 жас ерекшелік категориясы  «Эссе» номинациясы бойынша I орын - Шевченко Елизавета, Павлодар қ, №14 ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы және Борисевич Ирина, Павлодар қ, № 14 ЖОМ-нің 11сынып оқушысы,  II орын -  Айдарханова Гүльназ, Железин ауданы, Жаңажұлдыз  ЖОМ-нің 11 сынып оқушысы және Балтабаева Айтжамал, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің оқушысы. III орын - Филенко Александра, Павлодар қ, №39 ЖОМГ-нің 11 сынып оқушысы, Рахманова Аяна -  Екібастұз қ, №21 ЖОМ-нің 10 сынып оқушысы, және  Гончарова Марина, Екібастұз қ, №33 ЖОМ-нің 11 сынып оқушысы.

10-14 жас ерекшелік категориясы  «Поэзия» номинациясы бойынша I орын -  Мусалдаева Жанель, Павлодар қ, №28 ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы,  II орын – Тұрсынова Дильназ, Павлодар қ, №39 ЖОМГ-нің 6 сынып оқушысы және Кутузова Ангелина, Павлодар ауданы, Ефремов ЖОМ-нің 6 сынып оқушысы,  III  орын - Новосельцев Роман, Павлодар қ, №30 ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы.

15-18 жас ерекшелік категориясы  «Поэзия» номинациясы бойынша  I орын - Акул Мадьян, М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы, «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушісі.   II орын - Нурикенов Алмаз, Павлодар мұнайгаз  колледжінің оқушысы.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!