Ынтымақтастық жолдары белгіленді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.09.2015 16:19

Пути сотрудничества определены Пути сотрудничества определены

2015 жылдың 30 қыркүйегінде М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорлары орынбасарлары мен психологтардың облыстық кеңес-семинары өтті.

Оқу жылының басында өзекті болып табылатын бұл семинардың тақырыбы «2015-2016 оқу жылына Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы мен облыс мектептерімен ынтымақтастығының болашағы» деп аталды. Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Торощина Лилия Леонидовна былтырғы оқу жылы оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда біріккен нәтижелі жұмыс жүргізілгенің атап өтті және ынтымақтастық үшін жұмыстың жаңа түрлерін ұсынды.

Пути сотрудничества определены Пути сотрудничества определены

Бөлім меңгерушілері үйірме, клуб және студия жұмыс бағыттары бойынша жоспарланған облыстық жобалар мен конкурстар туралы ақпар берді. Әдіскер Сыздыкова Әсем Қабдуллақызы XX ғасырдың 30-50 жылдары саяси репрессия құрбандарына арналған «Естеліктер бейнесі» жобасының тұсаукесерін өткізді.

Әдіскер Шакиримова Вера Саттарқызы «Пионерден Жас Ұланға дейін» атты облыстық жобаға белсенді қатысуына шақырып, Павлодар облысы балалар қозғалысы тарихынан материалдарға арналған мұражайына экскурсия жүргізді.

Семинарға қатысушылар сынып жетекшілерге практикалық кеңестер, әдістемелік шығу аясында шығармашылық алаңдар үшін тақырыптарын таңдауда нақты ұсыныстар жасады.

Коржова Марина Алексеевнаның жетекшілігіменен психологтардың дөңгелек үстелі нәтижелі болды. Мектеп психологтары мен Оқушылар сарайының психологиялық қызметі ынтымақтастық жоспарын бірігіп жасады. Жоспарланған оқу семинарлары мен конференцияларға қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Балалар қоғамдық қабылдау отырыстарының тақырыптары «Мен өмірді таңдаймын» және «Қасымыздағы қауіп-қатерлер» үлкен қызығушылықты тудырды.

Семинарға қала мен облыс мектептерінен 49 тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары және 25 мектеп психологтары қатысты.