Жас кітапханашылар үйренеді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 29.10.2015 18:44

Учатся молодые библиотекари Учатся молодые библиотекари

2015 жылдың 29 қазанында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік кітапханасында облыс мектептерінің кітапханашылары үшін бірінші тақырыптық кеңес беру өткізілді. Жаңа ғана кітапханашылықты бастаған кітапханашылар шақырылды, «Мектеп кітапханашысының қызметінің нормативті-құқықтық аспектілері» атты кеңес беру тақырыбы олар үшін өзекті болды.

Кеңесте Ақсу, Павлодар қалаларынан, Баянауыл, Ертіс, Железинка, Қашыр, Лебяжі, Май, Шарбақты, Павлодар аудандарынан 29 кітапханашылар қатысты. Олардың көбі мектеп кітапханасының табалдырығың бірінші қыркүйекте ғана аттаған.

Учатся молодые библиотекари Учатся молодые библиотекари

Оқушылар сарайының кітапханашысы Суворова Татьяна Владимировна кітапхана жұмысын реттейтін, нормативті құжаттар жайлы толық ақпарат берді. Негізгі құжаттаманы жүргізуде талаптар туралы атйып, мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды ұсынды.

Кітапханашылар тақырыптың қажеттілігін, тиімділігі мен ақпараттың кең ауқымдығын, баяндаманың түсініктілігін атап өтті. Кеңес беруде алған ақпараттардың өз қызметтерін ұйымдастыру үшін маңыздылығын көрсетті. Өздерінің жұмыстарындағы мәлеселермен бөлісіп, келесі кеңес беруде талқылау үшін сұрақтарды ұсынды.

Қорытындысында кітапханашылар барлық қажетті құжаттарды электронды түрде алды.