Жаңа ұрпақтың көшбасшылары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 09.11.2015 17:15

Лидеры нового поколения Лидеры нового поколения

2015 жылдың 6 қарашасында Павлодар қаласының көшбасшылары М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайында жиналды.  Кездесудің себебі «ЖасҰлан»  қалалық мектеп белсенділері ұйымдастырған «Жасұлан күні» деп аталатын ойын болды. Мереке жалпыұлттық мәдени-білімдік «Ұрпақ+» жобасы шеңберінде өтті.

М.Катаев атындағы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бойынша бөлімі жоба аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты жобасын дамытты.  Іс-шара «Көшбасшылар форматы» атты станциялар бойынша ойын формасында өтті. Оқу кабинеттерінде «Тау шыңы», «Данышпан суретші», «Француз қадамы», «Өрмекші», «Миксер», «Мүсін», «Алдамшы алма», «Мәре» атты 9 станция орналасты.

Лидеры нового поколения Лидеры нового поколения

Ойынның әр кезеңінде жас көшбасшылар қоржынына ұпай жиналатын сынақтар дайындалды. Қортындысында қатысушылар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты қалалық жобасынан сынақ кітапшаларына ие болды.

Ойынға Павлодар қаласының 28 мектебінен 245 оқушы қатысты.

Бұндай мерекелік іс-шаралар жасөспірімдердің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі. Аға тәлімгерлер оқушыларға тек қана ұжымдық жаттығулар өткізуімен қатар, болашақта нағыз ұйымдастырушы-көшбасшы болуға үйретеді.

Лидеры нового поколения Лидеры нового поколения