Мектеп кітапханашыларының семинары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 27.11.2015 14:36

Семинар школьных библиотекарей Семинар школьных библиотекарей

2015 жылғы 26 қарашада М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында мектеп кітапханашыларына арналған облыстық оқу семинары өткізілді. «Кітапхананың аттестатталуына дайындық кезіндегі мектеп кітапханашысының талдау жұмысы» тақырыбындағы семинар өте өзекті болды.

Оқушылар сарайының кітапханашысы Суворова Татьяна Владимировна мектеп кітапханашысының талдамалы қызметінің басты бағыттарын баяндады.

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Кунязова Айсұлу Социалқызы мектеп кітапханашысы жұмысының басты бағыттарына назарын ерекше атап көрсетті.

Семинар школьных библиотекарей Семинар школьных библиотекарей

ПМПИ ҒК технологиялық және әдістемелік қамту бөлім басшысы Таженова Марал Абылайханқызы мектеп кітапханашысы қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету бойынша ғылыми кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстырды.

Семинарда Павлодар қ. №43 ЖОББМ кітапханасының меңгерушісі Куклина Марина Петровна жұмыс тәжірибесі жоғары бағаға ие болды.

Соңында кітапханашылар Оқушылар сарайының кітапханасында жеке кеңестер мен электрондық түрде барлық қажетті құжаттарды көшіріп алуға мүмкіндік алды.

Барлық қатысушылар мектеп кітапханасының жұмысында қажетті ақпаратпен қанықтылығын, баяндамалардың түсінікті болғандығы жайлы атап көрсетті.

Семинарға Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандары мен Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларынан 43 кітапханашы қатысты.