Мейірімділік толқынында

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 04.12.2015 11:38

На волне доброты На волне доброты

Қараша айында облыстық  Балалар бейбітшілік орталығы мейірімділікті,  патриотизмді және төзімділікті тәрбиелейтін іс-шара өткізіп ұйымдастырды.  

5 қараша күні  Балалар бейбітшілік орталығы денсаулықтарында ақаулықтары бар балаларды шолу экскрссиясына шақырды. Осы күні Сарайға  18 «ерекше» балалар қонақта болып қайтты. Экскурсия планетарида көрсетілген ғылыми-танымдық фильммен аяқталды.

10 қараша күні педагог-ұйымдастырушы  Самал Сүлейменова «Ровесник» клубының  тәрбиелеушілеріне «Мейірімділікпен  жаһанды ашамыз» атты волонтерлікке қабылдау рәсімін  өткізді. «Ровесник» клубы әр түрлі ойындарға конкурстарға және флэш – моб ұйымдастырып, әрдайым мейірімділік жасаймыз деп ант берді. Әрбір тәрбиеленуші осы күні бэйдждер және сынақ кітапшаларын алды.

На волне доброты На волне доброты

17 қараша күні  үйсіз қалған  жануарларды қолдау мақсатында  «Не проходи мимо» акциясы өтті. Балалар орталығының тәрбиеленушілері үйсіз қалған иттер мен мысықтарды тамақтандыру үшін қала көшелеріне шықты. Волонтерлерге бұндай іс-шараның ұнағаны соншалықты, олар өздерінің мөлтекаудандарында өз қалаулары бойынша акцияны жалғастырды.  

20 қараша күні әлемде балалар күні тойланды. «Ровесник» клубының 10 тәрбиеленушілері «Оқушылар сарайының жыл ұстазы» атты конкурс шеңберінде өткен Самал Сүлейменованың  «Үлкен алау» атты ашық сабағына қатысты. Сабақта адамның  қарым-қатынастың  құрылымдық моделін жасау керек болды.  

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты қалалық жобасы  аясында Балалар орталығы «На земле большой живем мы все одной семьей!» атты  мейірімділікті және төзімділікті тәрбиелейтін конкурстық-ойын бағдарламасын өткізді. «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері осы іс-шараның модераторлары болды. Олар: ойындар, әр түрлі өмір жағдайына байланысты шағын көріністерді көрсетті.

Бағдарламада Павлодар қаласының 10 мектептерінен 59 оқушы осы іс-шараға қатысты.

5 желтоқсан күні волонтерлердің Халықаралық күні тойланады. Балалар орталығы тағы да бір мәрте қызық әрі, пайдалы акциясын жүргізуді жоспарлап отыр.