Белсенді оқушылар үшін байқау

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 10.12.2015 10:54

Конкурс для самых активных школьников Конкурс для самых активных школьников

Балаларды қоғамдық іс-әрекетке мектеп дәстүріне баулу бұл – мектептің, қосымша білім беру ұйымдарының, ата-аналардың ұжымдық жұмысы. Сол себептен М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы әрқашан оқушылар мен балалар қозғалысының  белсенділерін, слеттер  лездемелер, байқаулар мен іс-шараларға жинайды.

Қараша айында Оқушылар сарайында Павлодар облысының қалалық, аудандық  мектеп комитетінің байқау-конкурсы өтті.  Конкурсқа  мектеп жоғарғы сынып оқушыларының кеңесі, әр түрлі бағыттағы жастар бірлестігінің өкілдері қатысты.

Конкурс для самых активных школьников Конкурс для самых активных школьников

Бүгін аталмыш байқаудың жеңімпаздары анықталды. Конкурс келесі екі номинация бойынша өтті: «Мектеп комитетінің портфолиосы»  және  «Презентация визитных карточек».  Бұл екі номинацияның үздіктері Лебяжі ЖОМ-нің оқушылары болды. II орын Қашыр ауданы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымына тиесілі болды. Екібастұз қаласы №13 ЖОМ-нің оқушылары құрметті III орынды иеленді. Павлодар қаласының оқушылары арасында №40 ЖОМ-нің өкілдері I орынға ие болды. II орын №36 ЖОМ оқушыларына бұйырды. III орын Жетекші мектебінің оқушылары иеленді.