Балаларға көмек

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 08.02.2016 10:44
Детям в помощь Детям в помощь
Детям в помощь Детям в помощь

Қаңтар айында Оқушылар сарайының Балалар қоғамдық қабылдауы Павлодар қаласының 11 мектебінің 150 оқушысы мен ұстаздарына «Арамыздағы қауіп-қатер» және «Мен өмірді таңдаймын» атты тақырыбына отырыстар өткізді.

Аталмыш отырысқа Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Берікбол Сейеукенов және облыстық Спид орталығының дәрігері Капат Сакенов шақырылды. Берікбол Серікбайұлы психотроптық заттарды қолданудың салдары туралы лекция оқыды. Қапат Кәрімұлы тыңдармандарға «Мен өмірді таңдаймын» атты тақырыбында баяндама жасады.  Тыңдармандар қонақтардың баяндамаларын мазмұнды бейнероликтер және презентациялармен тамашаланды. Отырыс тыңдармандары өз мектептерінің басқа оқушыларымен алған білімдерімен бөлісу үшін ақпараттық бүктемелерді алды.

Оқушылар сарайының психологы Марина Коржова жиналғандарға тренинг жүргізді. Қатысушы балалар қоршаған ортадағы жағдайларға басқаша көзқараспен қарап және одан шығудың амалдарын қарастырды.