Сапта тұрғандар кім?..

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 11.03.2016 21:01
Это кто шагает в ряд?.. Это кто шагает в ряд?..
Это кто шагает в ряд?.. Это кто шагает в ряд?..

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 10 наурыз күні «Бір шаңырақ астыңда» атты еріктілер жасақтарының арасында үгітбригадалар облыстық конкурсының бірінші кезеңі болып өтті. Аталмыш конкурс «Ең үздік еріктілер жасағы» атты облыстық жобасының аясында болған еді. Өтпелі кубок үшін Павлодар облысының ең үздік еріктілер жасақтарының ішінде 20 команда жарысқа түсті.

Это кто шагает в ряд?.. Это кто шагает в ряд?..
 

Бұл жарыстың ұйымдастырушылары Оқушылар сарайы Балалар бейбітшілік орталығы үгіт жасақтарының дәстүрін жалғастырып, еріктілер бірлестіктерінің жұмысындағы жаңа қызықты әдістер мен формаларды іздеп, бейбітшілік пен келісімді насихаттады. Мектеп еріктілер жасақтары өзінің сахыналық орындауларында шығармашылық қабілеттерін көрсете отыра жұмыс тәжірибелерін көрсете білді. Кенжекөл отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Болашақ» командасы, таныстыру кезеңінде еріктілер және бітімгерлер қозғалысының барлық бағыт-бағдарын көрсетіп, игі істердің әлеуметтік маңыздылығын айқын дәлелдеді. Павлодар ауданы Заринск ЖОМ-нің «Миротворец» командасы сахына төріне әр ұлттардың әдемі киімдерін киіп шықты. Павлодар қаласы № 35 ЖОМ-нің «Ақниет» командасының қатысушысы мейірімділік туралы өлең жолдарын оқып, барша жұртты тамсандырды.

«Алайда жеңімпаз командалар әлі анықталған жоқ – еріктілер жасақтары өз көрсеткен өнерлері үшін ұпай сандарын қоржындарына жинады. «Бір шаңырақ астыңда» атты конкурсының екінші кезеңі сәуір айында өтіп, қатысушылар өз мейірімді істері үшін ұпай жинайды. Екі кезеңнің ұпайлары белгілі болған соң, Павлодар облысының ең үздік еріктілер жасағы анықталады» - деді, Балалар бейбітшілік орталығының директоры Самал Сулейменова.