Ақындық әлеміне саяхат

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 22.04.2016 21:25
Очарованные поэзией Очарованные поэзией
 

16 сәуір күні №10 Павлодар қалалық кітапханасында «Күн поэзиясының тамшылары» атты жоғарғы сынып оқушыларына арналған ақындық кеш  өтті. Бұл кездесуде М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының балалар баспасөз орталығының тәрбиеленушілері және «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушілері және олардың жетекшілері Елена Вайберт пен Марина Юрченко болды.

Қатысушылар арасында Павел Васильев атындағы Павлодарлық әдебиет бірлестігінің қор сақтаушылары Ольга Григорьева, Татьяна Окольничья, Владимир Куприн, Гайдар Саркыншаков, Талгат Гарипов, Наталья Щипко болды. Сонымен қатар Оқушылар сарайының педагогтары Елена Вайберт пен Марина Юрченко сөз сөйледі. Шығармашылық кездесудің басты тақырыбы «Павлодарские облака» атты ақындық жинақтың тұсау кесері өтті, бұл жинаққа Оқушылар сарайы педагогтарының өлең жолдары енді.

Бұл кездесуде Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінен басқа №17 мектептің оныншы және он бірінші сынптардың оқушылары болды. Бұл шараға 45 оқушы және 4 педагог қатысты.