Отанның адал ұлдары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 12.05.2016 17:34
«Отчизны верные сыны» «Отчизны верные сыны»
«Отчизны верные сыны» «Отчизны верные сыны»

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының кіші залында 6 мамыр күні «Отанның адал ұлдары» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніңе арналды.

Кездесуде «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушілері және олардың ата-аналардың басын қосты. Әдеби кеште сондай-ақ, Павлодар қаласы, Осипенко көшесі бойында орналасқан балалар үйінің жеті оқушысы болды. Кештің құрметті қонағы болып, «Рауан» әдеби студиясының досы Чернобль батыры Анатолий Евгеньевич Стасьо еді. Оқушылар Кеңес Одағы батырлары Әлия Молдағұлова және Маншүк Маметова жайлы баяндап, Ұлы Отан Соғысының қазақстандық-әскерлері жайлы пікір білдірді.

«Отчизны верные сыны» «Отчизны верные сыны»
«Отчизны верные сыны» «Отчизны верные сыны»

«Рауан» әдеби студиясының жетекшісі Марина Юрченко «Песню фронтового доктора» атты әнің гитараға салып, шырқап берді. Қонақтар бир минуттік үнсіздікпен қаза тапқандарға тағзым етті. Әдеби кеш  «Тропа к генералу» атты танымдық бағдарламамен жалғасын тапты. Олар, анаграммалар, жұмбақтар, әскери тақырыпқа арналған викториналарға қатысты. Қортындысында, барлығы «Катюша» әнің орындады. Әдеби кешке 28 оқушы, үш ерекше балалар, алты педагог пен төрт ата-ана қатысты.