Республикалық конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 24.04.2020 09:20
Поздравляем победителей Республиканского конкурса Поздравляем победителей Республиканского конкурса
Поздравляем победителей Республиканского конкурса Поздравляем победителей Республиканского конкурса

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» ұлттық қол өнер студиясының тәрбиеленушілері 17 ақпаннан 11 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен  VI-ші ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу және сән-қолданбалы өнер конкурсының жеңімпаздары атанды.

Аталмыш конкурс балалардың көркем шығармашылығын насихаттауға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, шығармашылық және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. «Менің таңғажайып әлемім» «Сәндік – қолданбалы өнер» номинациясында Адуова Жансая 1-ші орын, Жолдасбек Аянат және Еркасова Дильназ 2-ші орынға, Мукатова Амира, Қадыр Мариям, Нурлан Камила 3-ші орынға ие болды.

Ахметова Зинира, Апушева Дильназ, Дүйсенғали Аружан, Дюсенғали Гаухар «Қызықты жұмыстар» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді.

«Сырмақ» студиясының жетекшісі Жагслах Дәуірбек жеңімпаздарды дайындаған үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!