Суретші-педагог Елена Каркавинаның «Түстер мозаикасы» көрмесі

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Выставка художника-педагога Елены Каркавиной «Мозаика цвета» Выставка художника-педагога Елены Каркавиной «Мозаика цвета»
Выставка художника-педагога Елены Каркавиной «Мозаика цвета» Выставка художника-педагога Елены Каркавиной «Мозаика цвета»

23 сәуір күні Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші-педагог Елена Каркавинаның «Мозаика цвета» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

30 жылдық кәсіби жолында Елена Каркавина өзін тек талантты суретші ғана емес, сондай-ақ шәкірттер жүрегіне жол таба білген өнерлі ұстаз. 1994 жылы Кемерово көркемсурет училищесін аяқтап, Павлодар қаласындағы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде ұстаздық жолын бастаған ол кейін Инновациялық Еуразия университетінің жоғарғы оқу орнында және колледжінде сабақ берді.
Қазіргі таңда М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Сымбат» студиясында жас таланттарға тәлім беріп, «ARCUS» дамыту орталығында ерекше балалармен арт-терапия жүргізіп келеді.
Оның шәкірттері тек аймақтық емес, республикалық және халықаралық байқаулардың да жеңімпаздары атанып, ұстаз еңбегінің жарқын жемісін дәлелдеп жүр.
Суретшінің жұмыстары әрдайым тақырыптық тереңдікпен ерекшеленеді. Ол кескіндеменің түрлі техникасында батыл тәжірибе жасап, рухани құндылықтарды басты арқау етеді.
«Мозаика цвета» көрмесінде көрермен назарына Қазақстан тақырыбына арналған композициялар ұсынылып, акрил және майлы бояумен орындалған туындылар көрме кеңістігін шынайы түстер мозаикасына айналдырды.
2023 жылдан бастап Елена Каркавина Мәскеу қаласындағы Халықаралық Анималист Суретшілер Одағының мүшесі ретінде де өнер әлемінде өзіндік орнын айқындап келеді. Оның шығармашылық жолы — тек бейнелеу өнеріне ғана емес, адам жанын тәрбиелейтін рухани ізденістерге толы.
Бұл көрме көрерменге тек өнер туындысын тамашалау мүмкіндігін ғана емес, сұлулық әлеміне саяхат болды.