![]() |
![]() |
Павлодар облысы оқушыларының шығармашылығын дәріптеген жарқын оқиға – «Алтын қазына – 2025» республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 11–20 наурыз аралығында Оқушылар сарайында өткен бұл байқау – жас дарындардың өнерін ұлықтап, қолөнер мен көркемдік талғамды жаңа белеске көтерген шынайы шабыт мерекесіне айналды.
Байқаудың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына ұлттық рухты, мәдени-эстетикалық құндылықтарды сіңіру. Бұл мақсат жолында облыстың 16 білім беру ұйымынан 142 өнерпаз жас өз туындыларын ұсынды.
Жас шеберлер киіз басу, гобелен тоқу, батик, зергерлік бұйымдар жасау, мүсіндеу, қағаздан бұйымдар жасау, ағаш және металл өңдеу сынды түрлі бағыттарда өз шеберліктерін паш етті. Әрбір жұмыс – баланың жан-дүниесінің айнасы, ұлттық болмыстың белгісі іспетті әсер қалдырды.
Қазылар алқасы 38 үздік жұмысты анықтап, жеңімпаздарға жүлделі орындарды табыстады. Ерекше көзге түскен қатысушылардың жұмыстары республикалық кезеңге жолданды. Бұл – тек байқау жеңісі емес, сонымен қатар жас таланттар үшін үлкен шығармашылық жолдың бастауы.
Байқау қорытындысы бойынша:
Текстиль бұйымдарын жасау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, жамау пластикасы
1 орын: Нуриманова Жасмин, жетекшісі Зализняк Татьяна, Екібастұз қ.
2 орын: Положенцева Александра, жетекшісі Борисовская Елена, Ақтоғай ауданы
2 орын: Айгожина Зейнеп, жетекшісі Бектасова Гульсум, Павлодар қ.
2 орын: Климкина Анастасия, Ақсу қ.
3 орын: Тұрсын Рабиға, жетекшісі Ныгыманова Амина, Ақтоғай ауданы
3 орын: Валиева Айя, жетекшісі Каллемова Алмагуль, Қарақала а.
3 орын: Даулетбаев Адэль, жетекшісі Мергалиева Айдана, Павлодар қ.
3 орын: Оспанова Алтынайым, Майқайын к.
3 орын: Уразалинов Тимур, жетекшісі Гребенникова Зинаида, Ертіс а.
3 орын: Аусагитова Амина, Майқайын к.
3 орын: Нуртаева Аяжан, жетекшісі Жумабаева Кристина, Толубай а.
Ағаш, сүйек, тері өңдеу өнері: көлемді және жазық оймалау, ағашқа сурет салу, балдыр бұйымдары; инкрустация (сүйек, металл, ағаш)
1 орын: Нуров Ақылбек, жетекшісі Шакиров Марат, Көктөбе а.
2 орын: Нұрдаулет Болысұлы, жетекшісі Кизатов Нұрсұлтан, Ақтоғай а.
2 орын: Толеубай Майя, жетекшісі Степанко Раиса, Павлодар қ.
3 орын: Шаленов Нұрсұлтан, жетекшісі Бакиров Н.Х., Луганск ЖОББМ
3 орын: Лоос Алексей, жетекшісі Акимочкина Анастасия, Калиновка а.
3 орын: Набиева Диана, Ковалевка а.
Металл өңдеу өнері: зергерлік бұйымдар, кіші пішіндердегі мүсіндер, чеканка, ковка
1 орын: Кенесхан Ерсултан, жетекшісі Рамазанов Ерғали, Павлодар қ.
Ағаш, тас, балшық (керамика), сабан, ағаш, текстильден кіші пішіндердегі мүсіндер жасау
1 орын: Каирбаев Мирас, жетекшісі Сапарова Карлыгаш, Приреченское а.
2 орын: Русланқызы Сания, жетекшісі Жамиш Олжас, Павлодар қ.
2 орын: Нурмагамбетова Дарина, жетекшісі Зализняк Татьяна, Екібастұз қ.
3 орын: Василенко Анастасия, жетекшісі Шлее Вера, Приреченское а.
3 орын: Омаров Амерхан, жетекшісі Жамиш Олжас, Павлодар қ.
3 орын: Исламбек Азиза, жетекшісі Рейн Светлана, Павлодар қ.
Халықтық киім үлгісін ұлттық ою-өрнек элементтерімен жасау
1 орын: Кайырбекова Назым, жетекшісі Тютенова Жанна, Ертіс а.
2 орын: Грюкач Евдокия, Павлодар қ.
2 орын: Жауһар Қарасай, жетекшісі Видиней Оксана, Павлодар қ.
3 орын: Замкен Құралай, жетекшісі Айбазарова Т. А., Баскамы а.
Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квилинг, папье-маше
1 орын: Сакенова Айлана, жетекшісі Укибаева Дина, Ақтоғай а.
2 орын: Левадная Ясмина, жетекшісі Мергалиева Айдана, Павлодар қ.
2 орын: Жусупбаева Айсу, жетекшісі Степанко Валентина, Павлодар қ.
2 орын: Малютина Анастасия, жетекшісі Садвакасова Гульзинат, Иса Байзақов а.
3 орын: Қайыржан Әли, жетекшісі Кабылбеков Ақылбек, Ақсу қ.
3 орын: Чечерина Вероника, жетекшісі Юсупова Зарина, Павлодар қ.
3 орын: Жумабекова Диана, жетекшісі Зализняк Татьяна, Екібастұз қ.
Ұлттық колоритпен интерьер дизайны жобасы: үй, бөлмелер, жазғы үйлер, ландшафт және т.б.
1 орын: Аубакиров Батырбек, жетекшісі Хисин Болат, Ақтоғай а.
2 орын: Шамишева Нұрдана, жетекшісі Нуркенова Ж.Н., Павлодар а.
3 орын: Барков Рудольф, жетекшісі Исмурзинова Сымбат, Павлодар қ.