«Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі»

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

«Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі» «Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі»

Оқушылар сарайында «Шеберлер қалашығы» атты бейнелеу өнерінің облыстық конкурсының 1 кезеңінің қорытындысы шықты.

Конкурсқа бейнелеу өнері студиясы мен мектептерінен 67 оқушы қатысты,Павлодардан 43 қатысушы: қаланың жеті мектебі, екі балалар көркем мектебі, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы қатысты. Биылғы жылы шалғай аудандандар мен ауылдар белсенді қатысты.

Ұжымдардан 5 жұмыс қабылданды. Қатысушылардың жасы – 7-ден 16 жасқа дейін.

Жас суретшілер өз жұмыстарында қарлы қыстың барлық сұлулығын аша білді – аяз, күртік қар, балалар киген жылы бөріктер мен бөкебайлар, жаңажылдық шыршалар, аққалалар және т.б.

Қатысушылардың жұмыстарында ертегілік және ерекше көріністер көп болды: жалынды ат, бұтақта отырған түлкілер, қарлы және қанатты барыстар және әрине жаңа жылдың белгісі - қой. Жұмыстар мына критерийге сәйкес келеді: идеясы, мазмұны арқылы тақырыпты ашу, орындау техникасы.

«Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі» «Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі»

Конкурстық жұмыстарды келесі құрамда қазылар алқасы бағалады:
Раиса Петровна Степанко, №2 БКМ директордың орынбасары; Алексей Александрович Балин - №1БКМ оқытушысы; Елена Александровна Каркавина – облыстық Оқушылар сарайының педагогы - «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі.

Балалар шығармашылығы облыстық конкурсының қазылар алқасының шешімімен мынадай қорытынды шықты:

Жас категориясы 7-9 жас:
1 орын – Софья Юданова «Долгожданные каникулы» (Павлодар қ. №1 БКМ);
2 орын – Раван Багиров «Снеговик у ёлки» (Оқушылар сарайы, «Палитра»бейнелеу студиясы);
3 орын – Нурлыбек Токсанов «Матушка зима» (Ертіс ауданы, Северная ЖББОМ).

Жас категориясы 10-14 жас:
1 орын – Нектар Кареян «Увезу тебя я в тундру» (Павлодар қ., №2 БКМ);
2 орын – Батырбек Толеубай «Лесная сказка» (Баянауыл ауданы, Майқайын өнер мектебі);
3 орын – Айжан Еркинова «Хитрая лисичка» (Павлодар қ.№1 БКМ).

Жас категориясы 14-16 жас:
1 орын – Любовь Сальникова «Красавица-зима» (Павлодар қ.№42 ЖББОМ)
2 орын – Улан Сабыр «Снежный замок» (Май ауданы, аудандық оқушылар үйі);
3 орын – Бауржан Рахметов «Зимняя ночь» (Қашыр ауданы,Теренкөл, Оқушылар үйі).

«Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі» «Шеберлер қалашығындағы» «қысқы ертегі»

Ерекше орындағаны үшін мадақтау дипломдарымен марапатталды:
1. Настя Фуртатова «Белкин дом» (Оқушылар сарайы, «Сымбат»бейнелеу студиясы).
2. Арина Искакова «Зимушкины радости» (Павлодар қ., №16 лицей-мектебі).
3. Жания Сакан «Весёлые развлечения» (Павлодар қ.,№2 БКМ)
4. Зейнеп Каиркенова (Ертіс ауданы Агашор ЖББОМ)
5. Виолетта Буранбаева «Зимние забавы» (Май ЖББОМ)
6. Ислам Шихов «Зима» (Павлодар қ., №9 ЖББОМ)

«Зимняя сказка»конкурсында Ақтогай, Лебяжье, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандары және Екібастұз қ. қатысқан жоқ.