Отан туралы суреттер

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 18.12.2015 16:44

Картины о Родине Картины о Родине

2015 жылдың 14 желтоқсан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы эстетикалық тәрбие беру бөлімі «Менің Қазақстаным» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студияларының тәрбиеленушілері жалпақ жұртқа сурет техникасында және сия графикасында 20 жұмыс түрін ұсынды.

Картины о Родине Картины о Родине

Жас суретшілер ақ қағаз бетіне қайратты батырлар бейнесін, жауынгерлердің ерліктерін, туған елдің табиғатын, мерекелік дастарханды бейнеледі. Көрмеде Оқушылар сарайы студиялары мен клубтарының 50-ге жуық тәрбиеленушілері болып қайтты. Көрме келушілеріне әр туынды туралы «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина баяндап берді. Көрме желтоқсанның 25-не дейін жалғасын табады.