![]() |
![]() |
Оқушылар сарайы «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және даму студиясында «Ертегі бізге келді» атты күзгі көрме өтті. Студияның барлық топтары бұл көрмеге белсенді қатысты.
![]() |
![]() |
- Күзгі бұйымдар көрмесі – бұл нағыз таланттардың жарысы, - деді «Білімпаз» студиясының жетекшісі Ирина Паскарь. – Бұл көрмеде жеміс пен көкөністерден жасалған аппликациялар және ертегі кейіпкерлерін көруге болады.
Көрме ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш шаралар балаларға күнделікті тұрмыстағы заттарды пайдаланып, сұлулықты көруге, қиял-ғажайып әлеміне шомылуға мүмкіндік береді. Балалардың жасаған дүниелерінің барлығы көп сақталмаса да, еңбектеніп қажырланып істеген жұмыстары шыдамдылықты, зеректік пен ерікті көңілді қалыптастырады. Жұмыстарды істеу барысында оқушылар ата-аналарымен жұмыс жасап тәрбелік мәні өте зор болады.
Осындай жобалар «Білімпаз» студиясында екі жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен 2015-2016 оқу жылында «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және даму студиясында «Жәндіктер-біздің көршілер» атты экологиялық жоба және «Теңіз тұрғындары» атты жобаларды өткізген болатын еді.