Антарес астроклубының тәрбиеленушілері Сібір астрономдар форумына қатысты

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 04.10.2017 13:41
Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум
Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері XII-ші сібір астрономиялық форумында астрономиядан зияткерлік брейн-ринг ойынына қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. 2017 жылдың 29 қыркүйек айында өткен он екінші астрономиялық сібір форумы Обск (Бердск) теңізінің жағалауында «Юбилейный» санаториялық-сауықтыру лагерінде өткен болатын.

Павлодар қаласы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының оқушылары Еренғайып Қобланды, Қаратай Амір, Нұрланов Ернур, Багров Илья, Теребецкий Яков және Беличенко Алексей Қазақстан құрамасын таныстырды. «Антарес» клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова командаға енген Көкшетау қаласының №14 ЖОМ-нің оқушыларын қашықтан дайындады.

Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум
Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум Воспитанники астроклуба Антарес посетили Сибирский астрономический форум

Форумның бағдарламасында ғарышкер А. И. Лазуткинмен кездесу, оптикалық және астрономиялық күндізгі және түнгі бақылаулар, шеберлік-сыныптар болды.

Олимпиадада жеңіске жеткен командаларға келесідей қызықты кітаптар табыс етілді. Олар: Карл Саганның «Голубая точка» кітабы, ағайынды Райттар туралы әуе теңізі жайлы, жұмбақ Антикитер механизімі туралы, «Траектория» білім және мәдени бастамаларды қолдау қорының сұрақтары бойынша қызыты кітаптар сыйлыққа берілді.

Павлодар қаласының «Антарес» астроклубының екі тәрбиеленушісі Еренғайып Қобланды және Беличенко Алексей ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сайыста белсенді қатысқан үшін Новосібір білім беру департаментінің басшысының міндетін атқарушысы Р. М. Ахметгарееваның атынан лауреаттар дипломымен марапатталды.

Сибастроны ұйымдастырушылары: Новосібір астрономиялық қоғамы, Үлкен Новосібір планетарийі, Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті және Новосібір аспап жасау зауыты болды.