![]() |
![]() |
М.Катаев атындағы облыстық Оқуышлар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды.
![]() |
![]() |
Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді.
Жас инжинерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы еді.
- 19 мамыр күні, Павлодар қаласында өткен іріктеу кезеңінде Женя мен Ернұр өз санаттарында жеңімпаз атанған болатын. Бұл жеңіс арқылы олар облысымызды Халықаралық деңгейде таныстырды, - деп түйіндеді робототехника үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов.