![]() |
![]() |
Оқушылар сарайы «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және даму студиясында «Егіс алқабында ертегі өсті» атты күзгі көрме өтті. Студияның барлық топтары бұл көрмеге белсенді қатысты.
- Күзгі бұйымдар көрмесі – бұл нағыз таланттардың жарысы, - деді «Білімпаз» студиясының жетекшісі Ирина Паскарь. – Бұл көрмеде жеміс пен көкөністерден жасалған аппликациялар және ертегі кейіпкерлерін көруге болады.
Көрме ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш шаралар балаларға күнделікті тұрмыстағы заттарды пайдаланып, сұлулықты көруге, қиял-ғажайып әлеміне шомылуға мүмкіндік береді. Балалардың жасаған дүниелерінің барлығы көп сақталмаса да, еңбектеніп қажырланып істеген жұмыстары шыдамдылықты, зеректік пен ерікті көңілді қалыптастырады. Жұмыстарды істеу барысында оқушылар ата-аналарымен жұмыс жасап тәрбелік мәні өте зор болады.