Ғарыштық техниканың авторлары – балалар

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 14.11.2017 16:16
Космическая техника, авторы которой - дети Космическая техника, авторы которой - дети
Космическая техника, авторы которой - дети Республиканский канал в гостях у Дворца школьников

Павлодарлық Оқушылар сарайы «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері «Первый шаг к великому изобретению» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс Қарағанды қаласы М.Нурмаков атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өткен болатын. «Антарес»  астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекованың  айтуынша аталмыш додаға республикамыздың түпкір-түпкірінен 160-тан астам балалар қатысқан еді. Павлодар облысының намысын қорғаған «Антарес» командасынан тоғыз қатысушы болды.  Конкурс қортындысы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен  Алимжан Гумран және Қобланды Еренғайып марапатталды.

Алимжан әскери техниканың макеті – электромагниттік атқышты дайындады. Бірақ автордың айтуынша бұл құралды ғарышта қолдануға болады. Ал Қобланды болса «Тенгри» атты ғылыми-зерттеу полигонын жасаған еді. Қобландының бұл жасаған өнертапқышы қуат пен жанармайды үнемдейді.

Жуық арада Оқушылар сарайында «Антарес» клубының бастамасымен астрономдар слеті өтеді. Бұл слеттің ережесі Оқушылар сарайының сайтында жарияланады.