Болашақ инженерлер үшін эксперименттік физикадан сабақтар

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 23.11.2017 16:50
Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров
Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров

Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының жас өнертапқыштары ұйымдастырушылардың шақыруымен «Ақылды мұражайда» болып қайтты. Бір ай бойы біздің қаламызда Новосібір қаласынан «Ақылды мұражай» келген еді.  Мұражай экспонаттары балалар мен ересектер арасында өте танымал. «Ақылды мұражайдың» ұйымдастырушысы Денис Лещенко, Оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова және оның тәрбиеленушілерін тегін экскурсияға шақырған болатын. Астроклубтың балалары бұл жерде уақыттарын өте қызықты өткізді.

Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров
Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров

- Біздің балаларымыз мынадай «Ақылды мұражайды» тамашалағаны керемет болды, - деп өз ойымен бөлісті Гульнар Баубекова. – Біз үшін қызықты әрі танымдық экскурссия өткізілді, балалар бұны мәңгі естеріңде сақтайды. Бұл экспонаттар физикамен тығыз байланысты, мысалы оптика, магинт өрісі, аэродинамика және т.б. Әсіресе, Пифагордың теоремасын дәлелдейтін экспонат ерекше көзге түсті. Өзімнің және тәрбиеленушілерімнің атынан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!

Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров
Урок экспериментальной физики для будущих инженеров Урок экспериментальной физики для будущих инженеров

Желтоқсан айының басында Павлодар қаласына «Ақылды мұражайдың» бастамасымен  ТМД елдерінде көп кездеспейтін, арнайы жарықтарымен, бірегей жаңа фильмдер көрсететін Планетарий келіп, ерекше қызықты бағдарлама ұсынады деп жоспарлап отыр.