Жас павлодарлық астрономдықтар ғарышкерге алдағы сапарында сәттілік тіледі

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 25.09.2018 09:58
Юные павлодарские астрономы пожелали  удачи космонавту в предстоящем полете Юные павлодарские астрономы пожелали удачи космонавту в предстоящем полете
Юные павлодарские астрономы пожелали  удачи космонавту в предстоящем полете Юные павлодарские астрономы пожелали удачи космонавту в предстоящем полете

21-23 қыркүйек аралығында Бердск қаласының «Юбилейный» атты лагерінде XIII-ші «СибАстро-2018» Сібір астрономиялық форумы өтті. Аталмыш форумда төртжүзге жуық әр түрлі жас ерекшеліктегі әуесқой астрономдар, өз ісінің мамандары, оқушылар жиналып, астрономиялық күздің келуін тойлады. Іс-шараның құрметті қонағы Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының отряд мүшесі Сергей Владимирович Кудь-Сверчков болды. Форумның қарқынды ғылыми бағдарламасында астрономияның әртүрлі салаларындағы танымал сарапшылардан, тәжірибелі астроном-байқаушылардан және ғарыш саласының мамандарынан 18 дәріс қамтылды.

Юные павлодарские астрономы пожелали  удачи космонавту в предстоящем полете Юные павлодарские астрономы пожелали удачи космонавту в предстоящем полете
Юные павлодарские астрономы пожелали  удачи космонавту в предстоящем полете Юные павлодарские астрономы пожелали удачи космонавту в предстоящем полете

Форумның бас ерекшелігі – мектеп оқушыларының ауқымды қатысуы.

«Сибастро-2018» форумында Қазақстан елін «Антарес» командасы таныстырды, құраманың жетекшісі Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Гульнар Баубекова. Команданың құрамына Павлодар қаласының Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының келесі тәрбиеленушілері енді: Утенов Ансар (Жас дарын мектебі), Беличенко Алексей (№43 мектеп), Шилов Ярослав (№ 8 лицей), Сагындык Асанали (№18 ЖОМ), Сибилев Кирилл (№3 гимназиясы) сонымен қатар Көкшетау қаласының №14 ЖОМ-нің оқушылары болды. Команданың керемет дайындығы және ынтымағы арқасында балалар «Сибастро-2018» лауреаты дипломымен марапатталды.

Ғарышкер Сергей Владимирович Кудь-Сверчков жас астрономшыларға бастамаларына табыс тілеп, Жер планетасы жайлы кітапты табыс етті. Айта кетсек, бұған дейін оқушылар «Сібір» новосібір ғылыми қоғамының конференциясына қатысқан болатын. «Антарес» клубының тәрбиеленушілеріне Новосібір әкімшілігінің атынан 1 дәрежелі дипломдар мен естелікке сыйлықтар берілген болатын. Астроклубқа сыйлыққа Антикитер механизімі жайлы өте сирек кітаптар табысталды.

Форумның жабылуында «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубековаға Новосібір әкімшілігінің атынан алғыс хат берілді.