Робототехника клубының тәрбиеленушілері шоколад сататын автомат ойлап тапты

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 05.11.2018 17:02
Воспитанники клуба робототехники изобрели торговый автомат, который продает шоколад Воспитанники клуба робототехники изобрели торговый автомат, который продает шоколад
Воспитанники клуба робототехники изобрели торговый автомат, который продает шоколад Воспитанники клуба робототехники изобрели торговый автомат, который продает шоколад

2018 жылдың 1 қараша күні Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының мәрелік кезеңін өткізді. Аталмыш конкурс 9 бағыт бойынша өтті. Облыстық конкурсқа 105 жоба ұсынылып, оның ішінде 86 жұмыс қортыңды кезеңге өтті. Сайыс соңында 27 жобаның авторлары жеңіске жетті.

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының робототехника клубының тәрбиеленушілері Нурат Татенов и Ғалымжан Абишев «Lego – дағы робототехника бойынша жоба» бағыты бойынша «Шоколад сататын сауда автоматы» жұмысы бойынша 1 дәрежелі дипломға ие болды.

- Біз бұл жұмысты 1,5 ай жасадық. Оны үш рет бұзып, құрдық. Ең соныңда, балалар шоколад сататын керемет робот жасады, - деп өз ойымен бөлісті робототехника клубының жетекшісі Қайрат Солтаналинов.