«ROBOLAND 2019» V-ші Халықаралық фестиваліндегі робототехника клубының жеңісі

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 01.04.2019 18:12
Победа клуба робототехники на V Международном фестивале «ROBOLAND 2019» Победа клуба робототехники на V Международном фестивале «ROBOLAND 2019»
Победа клуба робототехники на V Международном фестивале «ROBOLAND 2019» Победа клуба робототехники на V Международном фестивале «ROBOLAND 2019»

2019 жылы 28-30 наурыз күндері Қарағанды қаласында «ROBOLAND 2019» робототехника, бағдарлау және инновациялық технологиялардың V-ші Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге Италия Республикасы, Ресей Федерациясынан және Өзбекістан және Қазақстан Республикаларынан 800 қатысушы, 400 команда қатысты.

"КЕГЕЛЬРИНГ – КВАДРО х 2" номинациясы бойынша облыстық Оқушылар сарайынан робототехника клубының тәрбиеленушілері қатысты. Екі ай ішінде Сарсенбай Нұрсұлтан және Валихан Тамерлан жарысқа қатысу үшін жаңадан бағдарлама ойлап тапты.

- Іс-шара барысында Қазақстан және шетелден келген робототехника саласындағы жетекші мамандар мұғалімдер мен бапкерлер үшін іскерлік бағдарламалар, семинарлар, шеберлік сыныптар мен презентациялар өткізді, - деді робототехника клубының жетекшісі Кайрат Солтаналинов.