![]() |
![]() |
2019 жылдың 16-17 мамыр күндері Павлодарлық көлік және коммуникация колледжінде «KazRobotics-2019» атты облыстық фестивалі өтті. Аталмыш шараға 300-ден астап мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Фестиваль Қазақстан Федерациясының КазРоботикс білім беру және спорттық робототехниканың Павлодар облыстық филиалы өткізген болатын.
Оқушылар сарайы робототехника клубынан 6 команда қатысты. Олжабеков Али және Серик Султанахмед бастаған «OS-01» командасы «Биатлон (10-15 жас)» категориясында 2 орын, ал Елтай Елнұр мен Сарсенбай Нурсултанның «QRobots» командасы 3-ші орынды иеленді.
«Робосумо. Жүретін роботтар» Абишев Нариман және Каирова Аруана «ZhaStar» командасы 3-ші орынға жайғасты.
2019 жылдың қазан айында Шымкент қаласында «KazRobotics-2019» Республикалық чемпионаты өтеді. Бұл сайысқа оқушылар сарайынан «Биатлон (16-21 жас)» категориясында Каббар Ақдаулет және Наурызбай Мейрамбек бастаған «AltynTeam» командасы аттанады.
Клуб жетекшісі Қайрат Солтаналиновты және жас роботқұрастырушарды құттықтаймыз.