![]() |
![]() |
«КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайын ғылыми-техникалық шығармашылықты кеңінен насихаттау және жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру мақсатында «KazRoboSport» робототехника чемпионатын өткізеді.
2020 - 2021 маусымда тұңғыш рет бүкіл ел бойынша чемпионат онлайн форматта өтті. Чемпионатқа Қазақстанның 11 облысынан 281 команда қатысты. Оқушылар сарайынан «Биатлон (10-15)» санатында бір команда қатысты. Чемпионаттың қортындысы бойынша біздің тәрбиеленушілер - Қонақбай Асаин, Турганбекова Зарина – 2-ші орынды иеленді. Команда жетекшісі Кайрат Солтаналиновты жеңіспен құттықтаймыз!