![]() |
![]() |
4 қазанда Ақтөбе қаласының облыстық планетарийінде Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне және Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуына 30 жылдығана арналған «Қазақстандық космонавтика тарихы - Тәуелсіздіктің алғашқы беттері» атты республикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты оқушыларға ғарыш саласының тарихы туралы, тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздегі ғарыш саласының дамуы, еліміздің батыр-ғарышкерлерінің өмірі мен қызметі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері бұл шараға белсене қатысты. Мельниченко Богдан «Зерттеу қызметі», Ким Даниил және Кузина Радомира «Астроклуб аясында мамандыққа баулу» тақырыбында сөз сөйледі. Барлық оқушылар конференцияға қатысушы ретінде дипломдарға ие болды. Іс-шараға оқушыларды даярлаған астроклуб жетекшісі Гульнар Баубекова.
Конференция қонақтары Талдықорған қаласының жас ұшқыштар станциясының оқушылары болған еді, 1980 жылы бұл станцияда космонавт Айдын Аимбетов тәрбиеленуші болған екен. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының жас ұшқыштар мектебі, планетарий аясындағы «Үркер» астрономия клубы, қала мен республика мектептерінің оқушылары қатысты.