Оқушылар сарайындағы алғашқы астротүн

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Первая астроночь во Дворце школьников Первая астроночь во Дворце школьников
Первая астроночь во Дворце школьников Первая астроночь во Дворце школьников

2022 жылдың 15 тамыз күні  М.Катаев ат.Оқушылар сарайында қала тұрғындары үшін астротүн ұйымдастырылды. Бұл күні мыңға жуық астрономияға қызыққан адамдар жиналды.

Первая астроночь во Дворце школьников Первая астроночь во Дворце школьников 

Первая астроночь во Дворце школьников Первая астроночь во Дворце школьников

Жиналған қауымды Оқушылар сарайының обсерваториясымен, астробақылауларды жасайтын құрылғылармен таныстырды.  
Қонақтарға телескоп орнатылған көру аймағы – рефрактор; автоматтандырылған конфигурацияның негізгі телескопы орналасқан обсерватория күмбезі, ғылыми-танымдық фильмдерді көрсететін  планетарий дайынадалды.  Бұл ғажайып түн Сатурн планетасының көтерілуінен басталды, сәл кейінірек Юпитер көтерілді. Ай жарқын көріністі берді. «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері қонақтарға солтүстік аспанның ең жарық жұлдыздары туралы, аспан сферасында қалай жүру керектігі туралы айтып берді.
-    Біздің обсерваториямызда бұрын да астробақылау жүргізілген, бірақ бүгінде жұлдызды аспанның сырына қол жеткізгісі келетіндер көп. 12-16 жас аралығындағы балалар үшін Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубына қабылдау жалғасуда, сабақтар тегін өтеді, – деді астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова.