Оқушылар сарайында экология мәселелеріне қатысты облыстық конференция өтті

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областная конференция по вопросам экологии прошла во Дворце школьников Областная конференция по вопросам экологии прошла во Дворце школьников
Областная конференция по вопросам экологии прошла во Дворце школьников Областная конференция по вопросам экологии прошла во Дворце школьников

2023 жылдың 24 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігін арттыру жолдары» атты облыстық конференция өтті.

Конференцияға облыстың мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  Проскурякова Е.Г., Бейсекеева А.А., Павлодар қаласының №7 мектеп-интернатының мұғалімі Бакирова Г.А., Ә.Марғұлан атындағы ПМПУ профессоры Хамзин Ш.Ш., «Ашық жүрек» қоғамдық қорының өкілі Оспанова М.М., Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы аясында экологиялық шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Алдағы оқу жылына мектеп оқушыларының экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру жоспары талқыланды.А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Хамзина Шолпан Шәпиевна Павлодар облысының мектептерінде «Жасыл мектеп – жасыл сынып» жобасын жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады.
-    Конференция сәтті өтті. Мектеп оқушыларының экологиялық білімі мен тәрбиесінің сапасын арттыру мәселесін талқылау барысында конференцияға қатысушылар тарапынан көптеген қызықты ұсыныстар түсті. Барлық түскен ұсыныстар бойынша әдістемелік әзірлеме жасаймыз деп ұйғардық, – дейді әдіскер Әйгерім Оразбаева.