Оқушылар сарайында экологиялық тәрбие бойынша вебинар өтті

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Во Дворце школьников прошел областной вебинар по экологическому воспитанию Во Дворце школьников прошел областной вебинар по экологическому воспитанию
Во Дворце школьников прошел областной вебинар по экологическому воспитанию Во Дворце школьников прошел областной вебинар по экологическому воспитанию

2023 жылғы 15 қыркүйекте М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайының  ғылым және техника бөлімінде Павлодар облысы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының, облыстық «Экобум» жобасының қалалық және аудандық үйлестірушілерінің қатысуымен «Жобалық қызметті іске асыру арқылы оқушыларға  экологиялық тәрбие беру» тақырыбында облыстық вебинар өтті.


Облыстық «Экобум» жобасын іске асыру арқылы мектеп жасындағы балалардың экологиялық білімін, шығармашылық әлеуетін және іздестіру-зерттеу қасиеттерін дамыту вебинардың басты мақсаты болды.
Іс-шара барысында 2023-2024 оқу жылына арналған «Экобум» облыстық пилоттық жобасының мәселелері талқыланды. Педагогтер 2023-2024 оқу жылына арналған экологиялық іс-шараларды жоспарлау кезінде өздері үшін пайдалы ақпарат пен одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа идеяларды атап өтіп, «Экобум» жобасының экологиялық акцияларын өткізу туралы сұрақтарға толық жауаптар алды.  
- Жыл сайын мектептермен кері байланыстың арқасында біз жобамызды одан әрі дамытып, түзетулер енгіземіз. Биылғы жылы «Экобум» облыстық пилоттық жобасы өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған бес акциядан тұрады, - деді әдіскер Айгерім Оразбаева.