«Biogreen» тәрбиеленушісі көшеттерді гидропоникалық әдіспен өсірді

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Воспитанница «Biogreen» вырастила рассаду гидропонным способом Воспитанница «Biogreen» вырастила рассаду гидропонным способом
Воспитанница «Biogreen» вырастила рассаду гидропонным способом Воспитанница «Biogreen» вырастила рассаду гидропонным способом

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Biogreen» экологиялық үйірмесінің тәрбиеленушісі Морозова Надежда «Менің Отаным – Қазақстан» ХХІІІ өңірлік ғылыми-практикалық конференциясында 1 орын алды.

Ғылыми - практикалық конференцияға Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 210-нан астам дарынды балалар қатысты.
Надежда оқушылар сарайының заманауи жасыл технологиялар зертханасында қызанақты гидропоникалық (топырақсыз) өсіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Надежда «Зерттеу жұмысы»  секциясында «Қызанақ көшеттерін өсірудің заманауи әдістері» ғылыми жобасын қорғады. «Зерттеу жұмысы» секциясында бақылаулар, тәжірибелер, эксперименттер, зерттеулер нәтижелері бар жұмыстар қатысты, - дейді ғылыми жетекшісі Айгерым Оразбаева.