![]() |
![]() |
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының "Bio Green" экологиялық үйірмесінің тәрбиеленушілері Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен КГКП "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы" ұйымдастырған "Құс қанатындағы арман" қалалық акциясының жүлдегерлері атанды.
Акцияға Павлодар қаласының 20-дан астам білім беру мекемесі, соның ішінде мектептер, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары қатысты. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері туған жердегі құстарды зерттеу мен қорғауға бағытталған 11 іс-шара өткізді. Сондай-ақ балалар қала тұрғындарына қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасап, оларға жем беру туралы үндеу жолдаған бейнеролик дайындады.
Акция қорытындысы бойынша табиғатты қорғауға қосқан белсенді үлесі үшін "Bio Green" үйірмесі лайықты II орынға ие болды.
Жас экологтарды жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!